×

Ақмола облысында полицейлер 700-ден аса көлікті бірге алып жүрді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолдар жабылды

 Динара Амантай 15.04.2023 | 16:02
Фото: видеодан скриншот

Ақмола полицейлері 700-ден аса жүк және жеңіл автокөліктерден тұратын 5 автотізбекті межелі пункттерге дейін ертіп жүрді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәртіп сақшылары жол-коммуналдық қызметтермен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайлар: қар, көктайғақ, жаңбыр байқалған автожолдардың жабылуына байланысты трассада қалған автокөліктерді тізбекпен ертіп жүрумен қамтамасыз етілді. Жабылған жолдар: Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі Екатеринбург – Алматы халықаралық маңызы бар трассалар, Қостанай қаласының шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскке дейінгі Астана - Петропавл Республикалық маңызы бар трассалар, Жезқазған – Петропавл, Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідерті. Патрульдік жасақтар 770 көлік құралын, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарын бірнеше бағытта ертіп жүрді.

Қазір ауа-райына байланысты бірқатар автожолдар жабық. Полиция жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаны ескеруді, елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама