×

ҚТЖ жолаушыларға жаңа қызмет түрін ұсынды

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін көлік «Нұрлы жол» вокзал кешенінің пандусында күтіп тұрады

 Динара Амантай 15.04.2023 | 09:45
Фото: metalyapi.com

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «UvU» international LTD» компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке) дейін жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір қызмет 3/4 «Алматы – Астана» жолаушылар пойызының жолаушылары үшін қолжетімді. Ол үшін жолаушылар вагондағы QR кодты сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу керек.

Сондай-ақ, жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферге өз бетінше тапсырыс бере алады.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автокөлік «Нұрлы жол» вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама