Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды
Ол 54 жастағы елорданың тұрғыны болып шықты
14 сәуірде сағат 18:23-те полицияға Сарыарқа даңғылынан әйедің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
«Полиция фактіні растады. Әйелдің жеке басы анықталды. Ол 54 жастағы елорданың тұрғыны болып шықты. Сарапшылар марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған», - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.