Күдікті -11 сынып оқушысы
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
«Күдікті -11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.