Түркістан облысында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті ауыл шетінен табылды
Ауылдастары қайтыс болардың алдында бір қыздардың тиісіп жүргені туралы естіген
Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыздың денесі ауыл шетінен табылды.
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Ирина Советжанқызы хабарлады.
«Түркістан облысында 9-сынып оқушысының денесі ауыл шетінен табылыпты. Қыз бала. Ауылдастары қайтыс болардың алдында бір қыздардың тиісіп жүргені туралы естіген. Қазір 9, 10,11-сынып оқушылары сұралып жатыр екен. Үш күннен бері алақандай ауылдан күдіктінің кім екені табылмай жатқан көрінеді. Қызды жарақаттаған пышақ та жоқ, қаскөй марқұмның телефонын да шағып кеткен. Жаңа ғана бір оқушы күдікті ретінде қамауға алынды», – деп жазды Ирина Советжанқызы.