Жабық паркингсіз тұрғын үйлердің құрылысына биылдан бастап рұқсат берілмейді

Халық үні

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жабық паркингсіз тұрғын үйлердің құрылысына биылдан бастап рұқсат берілмейтінін айтты. 

Фото: korme-expo.kz

Жабық паркингсіз тұрғын үйлердің құрылысына биылдан бастап рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Астанада көптеген тұрғын үй ішкі панкингсіз салынған. Биылдан бастап жапсарлас салынған паркингі жоқ кез келген көппәтерлі, көпқабатты үйдің құрылысына рұқсат бермейміз.Егер жабық паркинг қарастырылмаған болса, бұндай үйлер биылдан бастап салынбайды», - деді әкім.