Halyq Uni логотип
×

КҚК мұнай айдауды қайта бастады

Онда 72 сағат бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді

 Дәурен Ерболат 14.04.2023 | 17:46
КҚК мұнай айдауды қайта бастады
Фото: cpc-online.ru

Бүгін Каспий құбыр консорциумы жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.

Қазақстанда мұнай айдауды тоқтату кезеңінде «Теңіз» мұнай айдау станциясында өрт және газды анықтау жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар жұмыс әрі «Атырау» мұнай айдау станциясында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жүргізілді.

Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мұнай айдауды жылына бірнеше рет тоқтату жоспарланған.

Каспий құбыр консорциумы қауіпсіздік мәселесіне байланысты және қылмысты болдырмау үшін мұнай құбырының жұмысы тоқтатылатыны туралы қоғам мен сарапшылар қауымын алдын ала хабарламайды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін КҚК жұмысын тоқтатқаны туралы хабарланған.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспийдегі Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама