Ондағы теңіз терминалында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы 72 сағатқа тоқтатылды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, КҚК-нің жұмысын тоқтату алдын-ала жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады.
10 сәуірден бастап осы уақытқа дейін Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы айлақ құрылғылары арқылы мұнайды тиеуді жүзеге асырмайды және жұмыстың жоспарлы тоқтауына байланысты резервуар паркіне мұнайды қабылдамайды. Нәтижесінде КҚК нысандары арқылы жағымсыз иіс тарамайды, - деп жазылған Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада.