Илон Маск Twitter-ді сатуға дайын екенін айтты
44 млрд доллар берсе, ойланып көремін, – деді ол
Tesla және SpaceX негізін қалаушы, 2022 жылы Twitter әлеуметтік желісін сатып алған Илон Маск ВВС-ге берген сұхбатында лайықты сатып алушы табылса, платформаны сатуға дайын екенін айтты.
Оның айтуынша, Twitter-ді басқару оған оңай емес.
Twitter-ді басқару – өте азапты процесс. Бірақ бұл жалықтырмайтын аттракцион сияқты. Соңғы бірнеше айда Twitter-де жағдай өте нашар болды. Сондықтан әлеуметтік желіні сатып алғысы келетін адам табылса, ойналып көремін, – деді ол.
Маск кезінде Twitter-ді сатып алғанына өкінбейтінін, керісінше, дұрыс істегенін атап өтті.
Қазір Twitter жақсы жұмыс істеп тұр. Дегенмен оны сатып алғысы келген адам 44 миллиард доллар беріп, шындықты ғана жариялайтын болса, келісімімді беремін, – деді Илон Маск.
Сондай-ақ кәсіпкер әлеуметтік желіде боттарды тапқаннан кейін компанияны сатып алу үшін аз ақша төлегісі келгенін мойындады.