Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, баланың анасы іздестіріліп жатыр

 Халық үні 10.04.2022 | 10:24
Қарағандыда жаңа туған нәрестенің денесі табылды
көрнекі фото: newswav.com

9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алғанын айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады.

Қазір оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама