Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

Бұл туралы құжат НҚА сайтында 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады

 Динара Амантай 13.04.2023 | 12:12
Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңір әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімінде бірнеше ауылдың атауын өзгерту туралы құжат жарияланды.

Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алмақ.

Осакаров ауданындағы бірқатар ауыл:

  • Звездный ауылдық округі – Жұлдыз;
  • Тельман ауылдық округі – Нияз;
  • Комсомольское ауылы – Қайыңды;
  • Сенакосное ауылы – Қаратомар;
  • Тельманское ауылы – Қаракөл;
  • Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертіледі.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама