Канело барлық атағынан айырылуы мүмкін
Бивол қарсыласының қолда бар атағы үшін ғана шаршы алаңға шыққысы келеді
Жартылай ауыр салмақта WBA super чемпионы Дмитрий Бивол мен Сауль Канело Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін.
Өйткені Биволдың менеджері Вадим Корниловтың айтуынша, ол жартылай ауыр салмақта Сауль Альваресті жеңген. Сол себепті оған екінші рет ондай жекпе-жек қызық емес. Биволдың өзі екінші орта дивизионда Альварестің барлық белбеуі үшін ғана айқасқысы келеді.
Ал Канело жақында жартылай ауыр салмақта қарымта жекпе-жектің міндетті түрде болатынын айтқан еді. Алайда Вадим Корнилов айтқандай, оған Бивол келісер емес.
Былтыр мамыр айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бірінші жекпе-жекте Бивол Канелоны ұпай санымен (115:113) жеңген болатын.