×

Қазақстандық дипломат АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті

Ержан Ашықбаев осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды

 Халық үні 09.04.2022 | 16:30
фото: Джо Байден, Ержан Ашықбаев

4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді. Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.

АҚШ басшысы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады.

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2021 жылдың 5 сәуірінде тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады
01.04.2023 | 00:50