Halyq Uni логотип
×

Алматыда 43,4 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

Дәрінің салмағы – 356 келі

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 09:57
Алматыда 43,4 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді
Фото: МКК

Алматыда Үндістаннан жеткізілген құны 43,4 млн теңге болатын дәрі-дәрмек тәркіленді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Биыл наурызда комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері қалалық ЭТД-мен бірлесіп, Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі.

Оның таза салмағы – 356 келі. Күдіктілер «Тағамға биологиялық белсенді қоспа» деп жазылған 54 449 дана дәрілік заттың партиясын (таблетка түрінде) енгізуге тырысты. Дәрілер бөлшек саудаға арналып оралған, - деп жазылған хабарламада.

Кедендік сараптама нәтижесінде тауардың «дәрілік зат» екені, терапевтік мақсатқа пайдалануға арналғаны белгілі болды.

Дәрі-дәрмектің кедендік құны – 43,4 млн теңге, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы – 5,2 млн теңге. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген «Экономикалық контрабанда» заңбұзушылық белгісі байқалады. Осыған байланысты материал Алматы қаласы бойынша ЭТД-не жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері басқарма кеден заңын бұзудың 780 дерегін тіркеп, 6,4 млн теңге айыппұл салды әрі қосымша 82,2 млн теңге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама