×

Краматорск вокзалында қаза тапқандар 52 адамға жетті

Зымыран соққысынан кейін 100-ден астам адам жарақаттанған

 Халық үні 09.04.2022 | 16:04
HERVE BAR/AFP

Украинаның Донецк облысы Краматорск қаласындағы вокзалға жұма күні зымыранмен соққы жасалып, жүзден аса адам жараланды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зымыран соққысы жасалған Краматорск вокзалында қаза болғандар 52 адамға жеткен.

Донецк облысының губернаторы Павел Кириленконың айтуынша, зымыран шабуылы жасалған кезде вокзалда мыңдаған адам эвакуациялауды күтіп отырған.

Қайғылы жағдайға дейін аймақтық әкімшіліктер Луганск және Донецк облыстарының тұрғындарын ресейлік әскерлердің ауқымды шабуылына дейін тезірек  көшуді (эвакуация) сұраған. Осы жағдайға байланысты Краматорск қаласындағы вокзалға адам көп жиналған болуы мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленский соққы «Точке-У» зымыранымен жасалғаны жөніндегі ақпаратты растап, Ресей әскерін айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18