Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте марапаттау шарасына қатысты
Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте марапаттау шарасына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Pro Hokei Ligasy-дың мәліметінше, Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy 2022/23 жылғы маусымының жабылу рәсімі өткен.
Іс-шараға Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Қаратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысқан.
Еске салайық, Асқар Мамин премьер-министр болып 2021 жылдың 15 қаңтарында тағайындалған болатын. Бір жылдан кейін, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Президент Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Маминнің орнына Әлихан Смайылов тағайындалды.
Бұған дейін Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығарды.