×

«Мақпал екеуінің махаббаты есепке құрылған»: Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің өліміне кім себепші болғанын айтты

Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуінің Мақпалға үйленетін кезде ешкімнен рұқсат сұрамағанын мәлімдеген

 Халық үні 13.04.2023 | 05:29
Фото: видеодан алынды

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің не себепті отбасын тастап, басқа әйелге кетіп қалғанын айтты.

Бұл туралы Нұрбике Нұрқаділова Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында айтты. Онда Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі күйеуінің Мақпалға үйленетін кезде ешкімнен рұқсат сұрамағанын мәлімдеген. Керісінше кетем деген еркектің алдынан өзім өтіп, шығарып салдым дейді.

«Ол кісі менен рұқсат сұраған жоқ. «Алайын, алуыма болады ма?» деген жоқ. Керісінше мен ол кісінің алдынан өттім. «Ақыры кетеді екенсің, екі үйдің ортасында жүрме» дедім. Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты есепке құрылған махаббат. Махаббат болса, неге кісіден ажалы болады.Өз өмірімен кетер еді», - деді Нұрбике Нұрқаділова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама