Президент Елена Рыбакинаны қабылдайды
Теннистен әйелдер арасындағы әлемнің 7-ракеткасы Астанаға келді
13 сәуірде Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.
Осыдан кейін теннисші 14-15 сәуірде Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың сапында Польша командасына қарсы ойнайды.
Елена Рыбакина Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.
13 сәуірде командалардың жеребе тарту рәсімі болады. Содан кейін құрамалардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Елена Рыбакина да қатысады.
14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.
Қазір Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орнын сақтап отыр. Ал WTA чемпиондық кестесінде ол екінші сатыда тұр.