×

Қостанайда бір жыл тергеу изоляторында отырған полиция полковнигі ақталып шықты

Мемлекеттік айыптаушы оны полковник шенінен айыруды, бес жылға жаза кесуді сұраған

 Халық үні 09.04.2022 | 10:44
Фото: alau.kz

Қостанай облысында былтыр лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған (полицейлерден ақша жинау бойынша) тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Маманова қамаудан босатылды. Ол сот барысында кінәсін мойындаған жоқ.

Сотта куәлік еткен полиция қызметкерлерінің көбі ақшаны өз еркімен аударған жеткізген. Тек тоғыз адам (аты-жөнін жасырды) қаражатын кері қайтарып алғысы келген. Ал айыпталушы «ақша жина» деген нұсқау жоғарғы басшылықтан түскенін айтып ақталды. Айтуынша, қызметкерлерден жиналған қаражат басқармадағы түрлі имидждік іс-шаралар өткізуге жұмсалған.

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Айгүл Мамановаға бес жылға жаза кесуді, полковник шенінен айыруды сұрады. Бірақ сот басқа үкім шығарды.

«Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы басшысы орынбасарының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағандықтан, ол Қостанай қаласы екінші сотының үкімімен ақталып, сот залынан қамаудан босатылды. Сот ақталушының заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты келтірілген залалды өндіру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - дейді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Зәуре Едикова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23