Украинада 8,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан - БҰҰ
Жермен-жексен болған қалалардан нақты ақпарат алу мүмкін болмай отыр
Украинада былтырғы ақпан айынан бері 14 мың адам жараланып, 8,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан.
БҰҰ мәліметінше, қаза тапқандардың жалпы саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі жермен-жексен болған Мариуполь, Попасная, Лисичанск пен Северодонецк сияқты жерлерден нақты ақпарат алу мүмкін болмай отырған көрінеді.
Сондай-ақ соңғы кездері Киев қарымта шабуыл бастайды деген ақпарат жиі айтылып жүр. Алайда BBC Украина армиясына әскери техника жетіспейтінін хабарлады. Болжамға сүйенсек, Киев сарбаздардың жеткілікті санының жиналуын және жер кеуіп, бронетехниканың өтуіне жолдың ашылуын күтіп отырған сыңайлы.