Вице-министрдің қамауға алынғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр

Халық үні

Антикор бұл ақпаратты әлі растаған жоқ

Ілияс Өсеров, фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеровтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Антикор бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Ұлттық экономика министрлігің хабарлауынша, вице-министр Ілияс Өсеровтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Сондай-ақ ведомство өкіліне қатысты ресми ақпарат берілетінін хабарлады.

Еске салайық, әлі расталмаған ақпаратта вице-министрдің аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны туралы айтылған.

Еске сала кетейік, Ілияс Өсеров Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2022 жылдың 2 наурызында тағайындалды. Ол ведомствоның инвестициялық саясат және мемлекеттік-жеке әріптестік, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқару бөлігіне жауапты.