Halyq Uni логотип
×

Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті

Лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады

 Динара Амантай 12.04.2023 | 14:59
Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті
Фото: Halyq Uni

2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ 2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4 мың теңгеге өсіп, 17 мың теңгені құрайтын болады.

Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, - деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама