Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы кезінде қиратылған Алматыдағы президент резиденциясын сүруге 6 млрд теңге қажет

Оның орнына саябақ салынады

 Айнұр Шошаева 09.04.2022 | 09:42
Қаңтар оқиғасы кезінде қиратылған Алматыдағы президент резиденциясын сүруге 6 млрд теңге қажет
фото: facebook

ҚР президентінің іс басқармасы Алматыдағы Президент резиденциясын сүруге 6 млрд теңге жұмсалатынын айтты.

«Қазреставрация» РМК мамандары тексеру жүргізіп, өлшемдерін алды, соның нәтижесінде нысанды тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығаруды ұсынды. Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени сараптама негізінде нысанды ескерткіштер тізімінен шығаруға, шешім қабылдады: негізгі ғимарат пен іргелес объектілер бөлшектенеді.

Басқарманың хабарлауынша, ең алдымен, сақтаулы тұрған, яғни тоңазытқыш техникалар, үздіксіз қуат көздері, дизель-генераторлар – барлығы шамамен 600 миллион теңге сомасындағы 46 атаулы құрал-жабдық шығарылады. Бұл құрал-жабдық Іс басқармасының басқа объектілерінде қолданылады.

«Шамамен 1800 тонна металды қайта өңдеуге жібереміз, бұл да бюджетке қайтарылатын 150 миллион теңге. Жалпы қайтарылатын қаражат 750 млн. Негізгі ғимарат пен іргелес объектілерді бөлшектеу үшін үш миллиард теңге қарастырылған. Тағы үш миллиард аумақты қалпына келтіруге және инженерлік корпусты қайта құрылымдауға көзделген, олар қаланың теңгеріміне өтетін объектілер. Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген», - дейді Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев.

Бұған дейін қаңтар оқиғасы кезінде қиратылған Алматыдағы Президент резиденциясы сүрілетіні айтылды. Оның орнына саябақ салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама