Halyq Uni логотип
×

Ресейде әскерге міндетті азаматтардың қашып кетпеуі үшін шекара жабылады

Енді жастарға электронды шақырулар жіберіледі

 Дастан Жұмабекұлы 12.04.2023 | 10:40
Ресейде әскерге міндетті азаматтардың қашып кетпеуі үшін шекара жабылады
фото: ашық дереккөз

Ресей Мемлекеттік думасы әскери міндетті азаматтар үшін шекараны толық жабу туралы шешім қабылдады. Осыған дейін Путин әскерге шақыру туралы жарлық шығарған болатын. Енді Ресейде шекара жабылған соң, әскерге міндетті ер адамдар шетелге шыға алмайды.

Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володиннің Парламенттің төменгі заң шығарушы палатасы әскерге шақыруды цифрландыру туралы заң жобасының қабылдағанын айтты. Бұл құжат бойынша енді әскерге жарамды жастарға азаматтық борышын өтеу үшін электронды шақырулар жіберіледі. Олар шақыру алған соң шетелге шыға алмайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама