×

Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Марина Седнева (55 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлдені қанағат тұтты

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 22:08
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Астана өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында 76 кг салмаққа дейінгі дәрежеде күрескен Эльмира Сыздықова алтын жүлдені жеңіп алып, құрлықтың екі дүркін чемпионы атанды.

Эльмира Сыздықова финалда Қырғызстанның өкілі Айпери Медетқызымен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алған еді.

Сондай-ақ, бүгіні Марина Седнева (55 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдені иеленді. Марина қола медаль үшін кездесуде вьетнамдық Нгуен Ти Май Трангты жеңсе,

Елена Шалыгина (68 кг) қырғыз Мээрим Жуманазаровадан басым түсті. Ал Диана Каюмова (59 кг) қола жүлде үшін белдесуде тағы бір қырғызстандық Калмира Билимбекқызынан жеңіліп қалды.

Енді ертең әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама