Шымкентте көшеден түрлі жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды

Халық үні

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

10 сәуірде Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында түрлі жарақаттары бар ер адамның денесі табылды. Тергеу мүддесі үшін полиция өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын жеткізді. 

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«10 сәуірде сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында ер адамның денесі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 1966 жылғы азамат екенін анықтады. Тергеу жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.