×

ҚТЖ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді

Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді

 Динара Амантай 11.04.2023 | 17:53
Фото: rail-news.kz

ТХКБ бағыты бойынша Қазақстан арқылы Қытайдан Түркияға шаттл-пойыздармен гуманитарлық жүктері бар 200 контейнер жеткізіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді.

Бірінші пойызда жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлары бар 40 футтық 50 контейнер орналастырылған. Тағы 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарланып отыр. Шаттл-пойыздар операторы – «KTZ Express» АҚ.

Шаттл-сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есе – 18 тәулікке дейін, Түркия порттарына 25 тәулікке дейін қысқарды.

Бұл тасымалдауды ТХКБ маршрутына қатысушы тараптар Түркияға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама