Halyq Uni логотип
×

17,6 млрд теңге: Абай облысында мемлекеттік сатып алудан заңбұзушылықтар анықталды

Заңсыздыққа жол берген шенеуніктер жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 11.04.2023 | 17:25
17,6 млрд теңге: Абай облысында мемлекеттік сатып алудан заңбұзушылықтар анықталды
Фото: kirov-portal.ru

Абай облысында мемлекеттік сатып алудан заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Биыл 17,6 млрд теңгеге 304 мемлекеттік сатып алудан заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 12,7 млрд теңгеге 55 заңсыз сатып алу дерегіне жол берілген жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға, оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі, тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық бөлім басшысы тартылды.

Ең жиі заңбұзушылықтар сатып алуды өткізудің тиісті емес тәсіліне жол беру, жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялау, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты.

Сондай-ақ бюджетті тиімсіз жоспарлау дерегі анықталды.

«Мысалы, 440 млн теңгеге жолдарды орташа жөндеуге конкурс жарияланғанда техникалық ерекшелікте жол учаскесі көрсетілген. Онда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жөндеуі жоспарланған. Прокуратура актісі бойынша конкурс тоқтатылды. 294 млн теңгеге жолдың басқа учаскесі жөндетелетін болды», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама