Биыл көктемде әскерге 18 мың адам шақыру жоспарланып отыр
ҚР Қарулы күштері бас штабы департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров әскердегі әлімжеттікті жою үшін қандай іс-шаралар атқарылғанын айтып өтті.
Әлімжеттікті жою үшін ертерек шақырылғандар мен кейін келгендерді бір-бірінен оқшаулау туралы шешім қабылдадық. Үлкені кішісімен, кішісі үлкенімен кездеспейді, - деді Руслан Омаров.
Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауының негізгі себебін түсіндірді:
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2 жылда әскерде 6 сарбаз өз-өзіне қол салған: 2020 жылы – 3, 2021 жылы – 3, 2022 жылы өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелген жоқ.