Мәдениет қызметкерлерінің үстемеақысы 2 есе өседі
Үкімет қаулы жобасын бекітті
«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылып, мәдениет қызметкерлерінің үстемеақысы 2 есе өседі, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Үкімет «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтаруды, мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақыны 2 есе өсіру туралы қаулы жобасын бекітті, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие. Оның 37-сі мемлекеттік мәдениет мекемелерінде жұмыс істейді.
Еске сала кетсек, президент «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтаруды тапсырған еді. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.