×

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өте ме?

Оның пікірінше, бүгінде елімізге мұндай электр станциясы керек

 Дәурен Ерболат 11.04.2023 | 15:26
Фото: Reuters

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салу барысында қазақстандықтардың пікірі ескерілетінін, қандай жағдайда референдум өтетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Диалог жолға қойылады. Біз Парламентке есеп беруді жоспарлап отырмыз. Олардың да cұрағы бар. Біз диалогты жұртшылықты, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып жүргіземіз, - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ министр референдум жүргізу мәселесіне тоқталды.

Мұнда заңның талабын ескерген жөн. Атом станцияларын салу тәртібі нақты жазылған. МАГАТЭ талаптары бар. Қоғамдық тыңдау кеңейтілген форматта өтетіні түсінікті. Әрине, қоғамның пікірі барынша ескеріледі.

Референдум АЭС-ті салу-салмау керектігін, халықтың пікірін білу үшін қажет. Мұнда көптеген әртүрлі механизм бар. Егер халық қарсы болса, (атом электр) станцияның салынбайтыны түсінікті... (АЭС-тің) құрылы өте күрделі. Қазір біз нысанды салуды бастасақ, оның құрылысы жоқ дегенде 10 жылдан соң аяқталады. Сондықтан оны ұзаққа созудың қажеті жоқ, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол өзінің Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдайтынын да атап өтті. Бұған дейін оны салу кезінде ресейлік компанияға басымдық берілмейтіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама