×

Отандастарымызды жеңіспен қуантамыз - Шведова

Қазақстан құрамасы матчқа жақсы дайындалған

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 13:10
фото: Halyg-uni.kz

Астанада теннистен Билли Джин Кинг кубогы үшін Қазақстан мен Польша командаларының матчының алдында еліміз құрамасының капитаны Ярослава Шведова мен команда мүшесі Юлия Путинцева БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Біз өз елімізде жарысқа қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Польшамен ойында барымызды салып, жеңіске жетуге тырысамыз. Отандастарымызды жеңіспен қуантамыз, - деді Шведова. 

Ал Путинцева командалық ойыннан бәрін күтуге болатынын, сол үшін матчқа тыңғылықты дайындалғанын айтты.

Қазақстан құрамасы – тәжірибелі команда. Қарсыластарымыздың осал жағын да білеміз. Сондықтан жеңіске жететінімізге сенімдіміз, - деді Путинцева. 

Еске сала кетсек, астанада Билли Джин Кинг кубогы 15-16 сәуірде болады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама