Halyq Uni логотип
×

Министр Сәтқалиев қазақ тілін 6 айда үйренуге уәде берді

Бұған дейін жаңа министр Мәжіліс депутатының сынына ұшыраған еді

 Дәурен Ерболат 11.04.2023 | 11:39
Министр Сәтқалиев қазақ тілін 6 айда үйренуге уәде берді
Алмасадам Сәтқалиев, фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақ тілін 6 айда үйреніп, сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап беретінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілдік деңгейді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз. Барлық сұрағыңызға жауап беремін (ойланып). Маған жарты жыл уақыт беріңіздер», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан соң.

5 сәуірде Мәжілісте «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын таныстырған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке депутат Бақытжан Базарбек ескерту жасады.

Министр депутаттардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына орыс тілінде жауап беріп, сынға қалды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тақырыпқа қатысты сұрағын қоймас бұрын министрден не себепті қазақ тіліндегі сұраққа қазақша жауап берілмейтінін сұрады.

«Біріншіден, біз бәріміз – мемлекеттік қызметкерміз. Екіншіден, бұл – үлкен шара. Дайындықпен келу керек. Үшіншіден, қазақша сөйлей алмасаңыз, жаныңызда қазақша жауап бере алатын көмекшіңіз болуы керек», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама