Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен құрама бозкілемге шығады
Күрес 10 салмақта болады
Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрама командасының алғашқы белдесулері болады.
Азия чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. 9-10 сәуірде еркін күрес және грек-рим күресінің балуандары жүлделерді сарапқа салды. Енді бүгін, ертең әйелдер күресінен спортшылар бақ сынайды.
Еліміздің әйелдер құрамасы:
50 кг – Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)
53 кг – Алтын Шағаева (Алматы облысы)
55 кг – Марина Седнева (Алматы облысы)
57 кг – Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)
59 кг – Диана Каюмова (Астана қаласы)
62 кг – Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)
65 кг – Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)
68 кг – Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)
72 кг – Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы)
76 кг – Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).
11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі.
12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақтағы балуандар бақ сынайды.
Күндізгі сессия сағат 11.30-да басталады. Кешкі сессияда балуандар 18.00-де (1 және 3-орын үшін) бозкілемге шығады.