Бір жылда 3 мыңнан астам ресейлік Грузияның азаматтығын алды
Биыл республиканың паспортын 421 адам алып үлгерген
Грузия Әділет министрлігінің хабарлауынша, былтыр қыркүйек айында мобилизациядан қашқан адамдармен қоса, 3,3 мың ресейлік Грузия елінің азаматтығын алған. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Бір жылда Ресейдің 1 666 азаматы айырылып қалған азаматтығын уақытша қалпына келтіру құқығын пайдаланған. 1 625 адам оны ерекше жағдайға байланысты алған. Тағы 4 адам Грузияның бұрынғы азаматтары есебінде азаматтықты қайтып алса, 2 адам жеңілдетілген тәртіппен грузин елінің азаматы болған.
Сонымен бірге 421 ресейлік биыл қаңтар мен наурыз айлары аралығында Грузия азаматы болып үлгерген.
Қолда бар дерекке қарағанда, Грузия Ресей әскері Украинаға қарсы соғыс ашып, армияға ішінара жұмылдыру жариялағалы бері ресейліктердің көптеп қашып барған елдерінің біріне айналды. Грузия президенті Саломе Зурабишвилидің айтуынша, былтыр қараша айына дейін республикаға 700 мың ресейлік кірген. Оның 100 мыңы Грузияда қалып қойған. Ал Грузия Сыртқы істер министрлігі жылдық қорытынды есеп бойынша, елге 1 460 ресейліктің келгенін хабарлады.