Үкімет отырысында жаңа министр ант берді

Дәурен Ерболат

Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорын басқарды

Фото: Halyq Uni/ Aйбек Тымбаев

Жуырда Энергетика министрі болып тағайындалған Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуі жолында жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін», - деді министр Үкімет отырысында.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алмасадам Сәтқалиевқа жұмысына сәттілік тіледі.

Еске салайық, Алмасадам Сәтқалиев 2021-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» қорын басқарды.

Бұған дейін Энергетика министрі қызметін атқарған Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ал, Болат Ақшолақов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі лауазымын атқарды.