×

Қазақстандықтар Нобель лауреаттарының дәрісін тегін тындай алады

12-22 сәуір аралығында халықаралық Nobel Fest шарасы өтеді

 Айнұр Шошаева 08.04.2022 | 15:31
фото: Баррозу, Кадзита және Черч

12-22 сәуір аралығында халықаралық IV Нобель фестивалі (онлайн) өтеді. Ауқымды іс-шара бір уақытта алты мемлекетте өтеді деп жоспарланып отыр.

«Экспоненциалды инновациялар әлемі» тақырыбында өтетін онлайн фестиваль Нобель сыйлығының лауреаттарын, ғылымның әлемдік жұлдыздарын, инноваторларды, визионерлер мен бизнес-спикерлердің басын қосады. Биыл шара бір уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай және Сауд Арабиясында (қазақ, өзбек, әзірбайжан, грузин, араб, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде) өтеді деп көзделіп отыр.

Сарапшылар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қандай дағдыларды дамыту керек, стартап жобаларды қалай іске қосуға және дамытуға болады, NFT не және блокчейн индустриясы қалай дамып жатыр, экспоненциалды инновациялар дегеніміз не және олар неге басқа индустриялардың бәрін өзгертеді деген сұрақтарға жауап береді. Он күнге созылатын шара кезінде Жозе Мануэль Баррозу, Такааки Кадзита сынды Нобель лауреаттарымен бірге синтетикалық биологияның негізін қалаған Джордж Черч, танымал жасанды интеллект София (робот) мен бірқатар қазақстандық сарапшылары білімі мен пайымын ортаға салады. Оның ішінде Саясат Нұрбек, Досым Сәтпаев пен Тимур Турлов өз болжамымен бөліседі.

Бұдан бөлек, фестиваль аясында Нобель сыйлығының 15 лауреаты мен «Прорыв» сыйлығы иегерлері тегін дәріс оқиды. Қазақстандықтар 18-22 сәуір аралығында лауреаттардың дәрісін тыңдай алады.

Айта кетейік, бүгінде Нобель фестивалі ғылым мерекесі ретінде әлемнің 155 елінен 500 мыңнан астам университет пен 300 000 қатысушыны біріктіреді.

Бұған қоса, фестивальге келген барлық студенттер мен қатысушылар болашақта түйіндемеде немесе LinkedIn-де, әлеуметтік желіде Еңбек және ғылым нарықтарындағы бәсекеге қабілетті позициясын нығайту үшін іскери байланыстарды іздеу және құру үшін ақысыз қатысу сертификатын ала алады.

Бұл ауқымды шараны Қазақстанның бірқатар отандық жоғары оқу орындары қолдады, оның ішінде: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бар.

Фестивальдің басты серіктестері - Нұрсұлтан қаласының әкімдігі, Coca-Cola компаниясы, Altyn Qyran Group компаниясы, Шеврон корпорациясы және басқалары.

Еске сала кетейік, сайтта Нобель фестиваліне тіркелу әлі жалғасып жатыр. Сондай-ақ қазақстандықтар Гарвард профессорына тіркеліп, қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама