25 мыңнан аса бұзушылықтар анықталды
Биылғы 3 айда ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелері 2 750 объектіде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша профилактикалық бақылау жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 25 мыңнан аса бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша «таза парақтан» жаңа реттеуші саясатының енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер кезінде және өрт бойынша бұзушылықтар болған жағдайларда жалғасады.
Мәселен, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін (өрт фактілері бойынша, шағымдар бойынша, рейдтер барысында және т.б.) 2 819 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 358 адам ескерту түрінде 2 461, айыппұл түрінде 13 млн теңгеден аса айыппұл арқалады.
Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін, яғни азаматтардан келіп түскен шағымдар бойынша сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы 49 хаттама жіберілді.
Бақылау нәтижелері бойынша ең көп таралған бұзушылықтар: автоматты өрт дабылының болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі, терезелерге торларды орнату, қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан немесе зақымдалған оқшаулағышы бар электр сымдарын пайдалану, эвакуациялық жолдардың бітелуі болып табылады.