Halyq Uni логотип
×

Қызылордада тағы төбелес болып, оқушы ауруханаға түсті

Оқиға 10 сәуірде болған

 Халық үні 11.04.2023 | 07:45
Қызылордада тағы төбелес болып, оқушы ауруханаға түсті
Фото: inbusiness.kz

Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 10 сәуір сағат 17:35 шамасында облыс орталығында болған.

Полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабар түсті.

«Төбелестен біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының (бұзақылық) бойынша полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға байланысты күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

«Облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағынауданында №136 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы мен №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы арасында ерегес туындаған. «Орда» колледжінің студенті №136 мектепте оқитын інісіне жақтасып жарақат алған жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама