Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ресейге барады

Қос тарап саяси, сауда экономикалық мәселелерді талқылайды

 Дәурен Ерболат 10.04.2023 | 15:46
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ресейге барады
Мұрат Нұртілеу, фото: gov.kz

Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей ресми сапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«2023 жылғы 13 сәуірде Ресей тарапының шақыруымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді. Сапар аясында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесуі мен келіссөздері жоспарланған», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, қос тарап саяси, сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылайды.

Еске салайық, 3 сәуірде Мұрат Нұртілеу ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Оған дейін ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама