Ильхам Әлиев елімізге ресми сапармен келді
Әзербайжан президенті Ақордаға бет алды
Дастан Жұмабекұлы
10.04.2023 | 14:26
Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді.
Әзербайжанның мемлекет басшысын премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға бет алды.
Әзербайжан президентінің ресми сайтының хабарлауынша, кездесуде екі елдің арасындағы достық және ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланады.