Halyq Uni логотип
×

Өзбекстан Қазақстанға арнайы вагондар жіберді

Олар ТМД елдерінің темір жолдарында пайдалануға арналған

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2023 | 14:13
Өзбекстан Қазақстанға арнайы вагондар жіберді
фото: railway.uz

Өзбекстаннан Қазақстанға жаңадан шығарылған арнайы вагондар жөнелтілді.

«Өзбекстан темір жоладры» АҚ мәліметіне қарағанда, 61-942 үлгідегі 8 жаңа арнайы вагонды тапсырыс бойынша «Ташкент жолаушылар вагондарын жасау-жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы шығарған.

Бұл вагондар TР TС 001/2011 техникалық регламентінің барлық талаптарына толық жауап береді. Олардың тиісті сертификаты бар. Қазақстан Ұлттық ұланы техникалық шарттар негізінде «Ташкент жолаушылар вагондарын жасау және жөндеу зауыты» басшылығымен шығарылған арнайы вагондар мен жетекші мамандардың нормативтік құжаттары негізінде жасалған вагондар Астана қаласына жеткізіліп, тапсырыс берушіге табыс етілді, - делінген хабарламада.

«Өзбекстан темір жолдары» АҚ-ның хабарлауынша, бүгінде екі елдің ынтымақтастық қарым-қатынасын одан әрі дамыту мақсатында жаңа арнайы вагондарды шығару жобалары да қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама