×

Биыл шетелден 25 мыңнан аса көлік жеткізілген

Төленген салықтың мөлшері – 61,5 млрд теңге

 Дәурен Ерболат 10.04.2023 | 13:05
Фото: Tengrinews.kz

2023 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанға шетелден 25 мыңнан аса көлік импортталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2022 жылы елімізге 55 251 жеңіл автокөлік жеткізіліп, оларға 216 млрд теңге сомасында кедендік төлем мен салық (КТмС) төленді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп (18 115 автокөлік (8 858 ТД), КТмС 61,5 млрд теңге).

Биыл 1 тоқсанда Қазақстанға 83 млрд теңге сомасына КТмС төленіп, 25 277 жеңіл автокөлік әкелінді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе көп (8 124 көлік (8 124 көлік) 4 848 ТД), КТмС 24,7 млрд теңге), - деп жазылған хабарламада.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама