Рыбакина әлемдік рейтингте жетінші орнын сақтап қалды

Дастан Жұмабекұлы

Еліміздің басқа теннисшілері де тізімдегі жағдайын жақсартты

фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Елена Рыбакина бұрынғыша тізімдегі жетінші орнын сақтап қалды. Ал WTA чемпиондық кестесінде ол екінші сатыда тұр. Әлемдік рейтингте Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова мен Аружан Сағындықова да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты.