НАТО үлкен жаттығуға дайындалып жатыр
Оқу-жаттығу жиыны Германия, Чехия, Эстония мен Латвияда өтеді
Биыл жаз айларында НАТО операциялық және тактикалық деңгейде әуе жаттығуларын өткізеді. Қазір осы жаттығуларға қызу дайындық басталып кетті.
АҚШ Ұлттық гвардиясының хабарлауынша, әуе жаттығулар 12-23 маусым аралығында Германия, Чехия, Эстония мен Латвияда өтеді. Жаттығулардың көбісі негізінен ГФР-да болады.
Әскери жаттығуларға 23 түрлі үлгідегі 220-ға жуық ұшақ қатысады. Осылайша Air Defender-23 НАТО тарихындағы ең үлкен жаттығу болғалы тұр.
АҚШ Әскери-әуе күштерінің генерал-лейтенанты Майкл Лоның айтуынша, Air Defender-23 оқу-жаттығу жиыны – АҚШ пен Германияның әскери саладағы ынтымақтастығын стратегиялық тұрғыдан бір-бірімен жақындастыратын жаттығу. Сондай-ақ ол коалициялық әуе күштерінің қабілет-қарымын сынайтын болады.