Halyq Uni логотип
×

ФИФА Индонезия футбол қауымдастығына шара қолданды

Бұл ел жастар арасындағы әлем чемпионатын (U-20) өткізу құқығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2023 | 11:10
ФИФА Индонезия футбол қауымдастығына шара қолданды
фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы дауға байланысты Индонезия футбол қауымдастығына (PSSI) бөлінген қаржыны уақытша тоқтатты.

Jakarta Post мәліметіне қарағанда, ФИФА федерация FIFA Forward қорын PSSI-ны қаржыландыруды уақытша тоқтатып, Индонезия ел футболындағы жағдайды жақсарту жоспарын ұсынғаннан кейін санкцияны алып тастауды қайта қарайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін ФИФА Индонезияны мамыр-маусым айларында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатын (U-20) өткізу құқығынан айырған болатын.

ФИФА 2015 жылы үкіметтің PSSI қызметіне араласуына байланысты Индонезияны халықаралық футболдан бір жылға шеттеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама