Бүгінде ТХКБ әлеуетін арттыру маңызды
Бакуде Қазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XIX-отырысы өтті, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Жиында көлік саласындағы өзара тиімді әріптестіктік дамыту мәселесі талқыланды:
Қос тарап Баку декларациясын, «2022-2027 жылдары ТХКБ дамыту мен Әзербайжан, Түркия және Қазақстанда «тар шеңберлі» жерлерді үйлесімді жоюға арналған» жол картасын шұғыл іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Сондай-ақ жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысып, баяндама жасады.