Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Әзербайжан арқылы Еуропаға жүк тасымалын ұлғайтуға ниетті

Бүгінде ТХКБ әлеуетін арттыру маңызды

 Дәурен Ерболат 10.04.2023 | 10:32
Қазақстан Әзербайжан арқылы Еуропаға жүк тасымалын ұлғайтуға ниетті
Фото: ИИДМ

Бакуде Қазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XIX-отырысы өтті, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиында көлік саласындағы өзара тиімді әріптестіктік дамыту мәселесі талқыланды: 

  • Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) әлеуетін күшейу, ынтымақтастықты кеңейту;
  • Әзербайжан арқылы Қазақстан – Түркия/Еуропа – Қазақстан бағытында интермодальды теміржол жүк тасымалының көлемін ұлғайту.

Қос тарап Баку декларациясын, «2022-2027 жылдары ТХКБ дамыту мен Әзербайжан, Түркия және Қазақстанда «тар шеңберлі» жерлерді үйлесімді жоюға арналған» жол картасын шұғыл іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысып, баяндама жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама