Бірақ ММА емес, – деді ол
UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайтып оралатынын айтты.
Ол әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, жекпе-жекке шілде айына дейін дайын болуы керектігін айтты.
Бірақ ММА емес, – деді ол.
Спортшы жекпе-жек туралы ешқандай мәлімет бермеді.
Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Ол 2020 жылдың шілде айында әкесі қайтыс болған соң, октагонға қайтып шықпауға уәде берген еді.
Хабиб аралас жекпе-жекте 29 рет октагонға шығып, бәрінде жеңіске жеткен.