Алматы облысында демалуға барған жігіттер ауруханаға түсті
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Қапшағайға демалуға барған 3 жігіт төбелесіп, ауруханаға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.
8 сәуірде кешкі сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына ауруханаға түрлі дене жарақаты бар 3 ер адамның түскені туралы ақпарат түскен. Осы дерек негізінде тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс тіркелді
Тергеу барысында зардап шеккендердің Қапшағай су қоймасына демалуға келгені анықталды. Алайда олар демалыс базасына заңсыз кірген. Осылайша, олар 1986 жылғы Г. атты аймақтың меншік иесі мен жұмысшыларымен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан, - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Олар оқиғаға қатысы бар адамдарды полиция басқармасына жеткізді.
Бүгінде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.